ХИМИЯ ЖАҢАЛЫҒЫНЫҢ ЖАС ЖҰЛДЫЗДАРЫ
95 жылдыққа — 95 іс-шара
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Ғылымға жол–5!» – химиядағы білім мен зерттеудің жаңа белесі» тақырыбында студенттік ғылыми жобалар апталығы өтуде. Ауқымды шараны көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған 95 іс-шара аясында және химия ғылымының дамуына үлес қосқан профессор Г.Мәдібекованың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылуда.
Апталық тақырыбы «Химиядағы білім беру мен зерттеуді жетілдіру: цифрлық платформалар және ЖИ қолдану тәжірибесін» қамтиды. Студенттер аталған шараға ғылыми жобалар мен баяндамалар, жарияланымдары мен заманауи химиялық тәжірибелерін, STEM және цифрлық технологияларға негізделген зерттеулерін ұсынуда. Ұсынылған жобалардың мазмұны қоғам мен ғылым үшін аса өзекті бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, экология және қоршаған орта, тағам қауіпсіздігі мен адам денсаулығы, цифрландыру және жасанды интеллект, инновациялық зерттеулер қазылар алқасы тарапынан сарапқа салынуда. Қазақстандағы су көздерінің химиялық ластануы, тұрмыстық химия тауарларының экожүйеге ықпалы, көкөністердегі нитрат мөлшерін анықтау, химияны жасанды интеллект арқылы оқыту, экологиялық таза тұрмыстық сабын жасау сияқты зерттеулерге студенттер батыл қадам жасап, ғылыми жаңалық қақпасын қағуда.
Апталық жас зерттеушілердің ғылыми ойлау қабілетін дамытып, химия ғылымының заманауи бағыттарын – экология, медицина, тағам қауіпсіздігі, цифрлық технологиялар және жасанды интеллектпен ықпалдастыруға мүмкіндік берді. Болашақ ғалымдардың ғылымға алғашқы сенімді қадам жасауына Жаратылыстану факультетінің химия кафедрасы мүмкіндік беріп отыр. Үздіктер апта соңында анықталмақ.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!