Зейнеткерлер «Күміс» университетінде білім алуда
"Күміс" университет аясындағы «Өлке тарихының экскурсоводы» курсы жалғасын табуда. Зейнет жасындағы білім алушылар әр сабақты бос жібермей, білімге деген шынайы ықылас танытуда. Бұл – жасқа қарамай ізденудің, рухани сергектік пен өмірге құштарлықтың белгісі.
Сабақтар Үздіксіз білім беру орталығының бақылауымен жүргізіліп, мазмұнына ерекше мән берілуде. Дәріс тыңдаушылардың тарихи танымын кеңейтіп, туған өлкені жаңа қырынан тануға жол ашуда. Тыңдаушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы дайындалған презентациялармен танысып, өңірдің табиғи байлығы мен экологиялық құндылықтары жайында терең мағлұмат алды. Табиғатты қорғау –әрбір азаматтың жауапкершілігі екені де жан-жақты талқыланды.
Сабақ барысында тыңдаушылар пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Кафедра меңгерушісі Гүлжан Орынбасарова мен дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Татьяна Руяткина алдағы уақытта дәрістердің бірін дала экскурсиясы форматында өткізуді жоспарлауда. Айта кетелік, «Күміс» университеті — өмір бойы білім алу идеясын іске асырушы орта. Ал «Өлке тарихының экскурсоводы» курсы — өткенге құрмет пен болашаққа жауапкершілікті ұштастырған тағылымды жоба.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ