«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университетінде «ALAN» халықаралық мектебінің директоры
Жанат Тәжиевамен кездесу өтті. Кездесу «Заманауи білім берудегі трендтер»
тақырыбына арналды. Жиынды Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі
проректор Жанбол Жылбаев ашып берді.
Іс-шара барысында Жанат Арысбекқызы қазіргі білім беру саласындағы жаңа
бағыттар, цифрлық трансформация, педагогтардың құзыреттілігін арттыру жолдары
және халықаралық білім беру стандарттарының маңызы туралы ақпараттармен
бөлісті. Сонымен қатар, ол әлемдік білім беру
тәжірибесіне тоқталып, жаңа форматтағы мектептерді дамытуда қолданылып жатқан
әдіс-тәсілдерді айтты.
Кездесуге қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білім
беру саласындағы өзекті мәселелер мен инновациялық шешімдер жайлы пікір
алмасты. Студенттер үшін бұл шара кәсіби бағдар
алуға, болашақ педагог ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік
болды.
ЖОО басшылығы мұндай тәжірибелік кездесулердің алдағы уақытта да жалғаса беретінін атап өтті. Кездесу барысында білім беру саласының білікті маманы, тәжірибелі басшыны университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдады.

Осыған ұқсас
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Хабарландыру 14.01.2026