«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаеваны жоғары мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталуымен құттықтады.
Әлібек Нұрбайұлы ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін, отандық тарих ғылымын дамытудағы еңбегі мен жас ұрпаққа сапалы білім, тәрбие берудегі қызметін атап өтті. Сонымен қатар, университет ұжымы үшін бұл марапат үлкен мақтаныш екенін жеткізді. Өз кезегінде Гүлжан Дәулетбекқызы көрсетілген құрмет пен қолдау үшін университет басшылығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да білім мен ғылым жолында аянбай еңбек ететінін айтты.
Айта кетейік, «Құрмет» ордені – еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін жоғары мемлекеттік наградалардың бірі.
Фото Бағдат Сейдахметов
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!