ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты — ұлылық» атты мерекелік концерт өтті. Бағдарламада алдымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің видео-құттықтау лебізі жеткізілді. Ал, көктемнің көңілге жылу сыйлар мерекесінде университет Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұртаев:
— Біздің университет оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері, студенттерінің басым бөлігін нәзікжандылар құрайды. Отбасы мен қоғамдық еңбекті қатар атқарып , болашақ ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген әрбіріңіздің еңбегіңіз бағалауға лайық, — деп атаулы күнмен құттықтады.
Салтанатты жиында нәтижелі еңбегі еленген қыз-келіншектер Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың және университет Басқарма төрағасы-ректор м.а Әлібек Нұрбайұлының алғыс хатымен марапатталды. «Алқа» әдеби бірлестігінің білім алушылары Ерхан Дүйсенбаев, Бекмұрат Салбеков, Нұрасыл Сералиев, Жанболат Кеңесбеков «Әйелдердің мерекесі екен ғой» прологын мәнерлеп оқыды. Мәдениет бөлімінің басшысы Салтанат Есенбекованың орындауындағы «Мама» әнінің аясында ұжым қыз-келіншектерінің анасымен түскен фотоларынан бейне-слайд көрсетіліп,көңіл толқытты.
Халықаралық дәрежедегі дизайнер, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Мәскеуде өткен «Этно – Эрато» байқауының «Алтын қайшы» жүлдесінің иегері, университеттің «Мұра» шығармашылық орталығының дизайнер үйірмесінің жетекшісі Марат Ерімбетовтің жаңартылған ұлттық киімдер топтамасын «Ақбаян» сән театры қыздары назарға ұсынды. «Көз тимесін» кубогының жеңімпаздары, «Шымкент жастар құрамасының» жайдарман ойындары әсем жандардың көңіліне шуақ, жүзіне күлкі сыйлады. Ұжым жігіттерінен құралған өнерпаздардың орындауындағы халық әні «Он алты қызға» арулар ду қол соқты. Концерт шымылдығы Ғафу Қайырбековтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жырымен» аяқталып, жігіттер ән қанатында гүл шоқтарын тарту етті.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!