СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кездесу өтті. Шараға жас мемлекеттік қызметшілер мен бітіруші курс студенттері қатысып, адалдық пен жауапкершілік қағидаларымен танысты.
Кездесудің арнайы қонағы – мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтай
мүшесі Әлихан Бәйменов жастарға өзінің өмірлік жолы мен мемлекеттік қызметтегі
мол тәжірибесі туралы кеңінен айтып берді. Ол адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің сұрақтарына
жауап берді. Университетке естелік ретінде тоғызқұмалақ тақтасын сыйға тартты.
Шараны Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары
Әлжан Аружан жүргізді. Ал университет Басқарма төрағасы –
ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне тоқталды.
Кездесу студенттер үшін мазмұнды әрі пайдалы өтті. Айта кетелік, ZHANIBEKOV UNIVERSITY жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған мұндай шараларды жиі өткізіп, комплеанс-офицердің қатысуымен академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіріп тұрады.


Осыған ұқсас
ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ
«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ
ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ