Zhanibekov university logo

«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 Желтоқсан 2025, 11:42
Медиа Орталық

Тарих және педагогика факультетіне қарасты Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында факультет деканы, п.ғ.к., аға оқытушы Гүлдариға Таутаева ашық дәріс оқыды.

 

Ол «7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша даярланатын магистранттарға «Ғылыми-зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру» пәнін ұйымдастырды. «Ғылыми зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру» пәнінің мақсаты магистранттарды бастауыш мектепте ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге, әдістер мен тәсілдерді, ғылыми зерттеу ортасында жұмыс істеу үшін керекті білім мен дағдыларды меңгертуге арналды.

 

Курсты қорытындылау «Ашық семинар сабақ» форматында өткізілді. Ашық сабақта Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ мектеп мұғалімі Мөлдір Әбілова «Ғылыми зерттеу жұмысының алғышарттары» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары Асылхан Ақнұр «Жұмсақ ойыншықтар әлемі бизнес бастауым», Лесбай Шапағат «Айналамыздағы математика», 3-сынып оқушысы Мұратхан Қасымхан «Ауыз суды үнемдеп үлгерейік» тақырыбында ғылыми жұмыстарын ұсынды.

 

Магистранттар бастауыш сынып оқушыларына қызықты «Шоколадтың пайдасы мен зияны», «Үй жағдайында әтір дайындау», «Таңғажайып крахмал», «Әуе шары» тақырыптарында жоба жұмыстарын көрсетті. Сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Белсенділік танытқан мектеп оқушылары мен жетекшілеріне университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Ә.Нұртаевтың «Алғыс хаты» табысталды.


 

Осыған ұқсас

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

9 Желтоқсан 2025, 16:25
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

8 Желтоқсан 2025, 17:32
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

8 Желтоқсан 2025, 10:35
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

5 Желтоқсан 2025, 14:50
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 11:14
ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

ӨЗБЕКСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 09:56
«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТРЕНДТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

27 Қараша 2025, 13:05
УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ФИЛОСОФИЯ PhD ДОКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27 Қараша 2025, 11:07
«ЖАРҚЫРА, СТУДЕНТ!» АПТАЛЫҒЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

«ЖАРҚЫРА, СТУДЕНТ!» АПТАЛЫҒЫНЫҢ МАРАПАТТАУ КЕШІ ӨТТІ

26 Қараша 2025, 13:09