ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY Филология факультетінің білім алушылары Coursera платформасының курсын аяқтады. Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары үшін курс пән жүйесінің мәнін терең түсінуге және оны педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдануға мүмкіндік берді.
М1701-14 тобының білім алушылары «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық
хат» пәнінен Coursera платформасы арқылы «Ғылыми зерттеу әлемі» тақырыбында
курсты аяқтап, өз білімдерін тереңдетті. Курсты оқу барысында «Ғылыми зерттеулер негіздері және әдіснамасы»,
«Заманауи зерттеу технологиялары мен деректерді жинау әдістері», «Ғылыми
әдебиетпен жұмыс істеу және деректерді талдау», «Ғылыми жұмысты жазу,
құрылымдау және қорғау» атты төрт модульден өтіп, алған білімінің нәтижесінде
сертификатқа ие болды. Аталған курстан өту барысында білім алушылар зерттеу
мәселесін анықтау, ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу, деректерді талдау және
әдіснамалық құзіреттілікті қалыптастырды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау» білім беру бағдарламасының
екінші курс магистранттары «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды
интеллект» пәнінен Coursera платформасында DeepLearning.AI ұсынған “Баршаға арналған
жасанды интеллект (AI For Everyone)” атты курсты сәтті аяқтап, сертификат
алды.Бұл курс бағдарламалауды қажет етпейтін, ЖИ-ді күнделікті өмірде, жұмыста
және бизнес саласында қалай қолдануға болатынын қарапайым тілмен түсіндіретін
тиімді бағдарлама болды.
“7М0117 - Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары үшін “Coursera” бағдарламасын оқу мүмкіндігі берілді. Аталған платформаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім беру бағдарламалары бойынша курстардың сәйкестілік тізімін жасау университет тарапынан жүзеге асырылды.

Осыған ұқсас
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Хабарландыру 14.01.2026