Zhanibekov university logo

ҚАЗАҚСТАН БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ КУБОГІ — ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ!

17 Желтоқсан 2025, 12:37
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Денешынықтыру және спорт факультетінің студенті Жасұлан Бердалы ҚР Бокс Федерациясының кубогін жеңіп алды. Былғары қолғап жеңімпаздарын анықтауға арналған ел чемпионаты Астана қаласында өтті. Айтулы додада Жасұлан 75 кг салмақта бақ сынасып, өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, Жасұланға спорттың бокс түрінен спорт шебері атағы берілді.

 

Жеңімпаз бұл жарысқа Шымкент қаласында кіл мықтының арасынан іріктеліп қатысқанын айта кетейік. «Негізінде ел чемпионатында қарағандылықтар мен астаналықтар бізге мықты қарсылас болды. Сайыста соққы алып, қабағым жарылды. Әйтсе де айқын басымдықпен бәсім биік болып тұрған соң төрешілер мені жеңіске лайық деп тапты» дейді ол.

 

Жасұлан Нұрболұлы 18 жаста, Шымкент қаласында тұрады. Боксқа 10 жасынан бастап қатысатын ол 8 жыл ішінде тамаша жетістіктерді бағындырған. Атап айтқанда, 4 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының финалисті, сондай-ақ, Шри Ланка Әлем кубогінің жеңімпазы және Черногория мемлекетінің спорт шебері атағын иеленген.


 

Осыған ұқсас

АЗИЯНЫҢ КҮМІСІ, ӘЛЕМНІҢ АЛТЫНЫ — ОҚПУ-да!

АЗИЯНЫҢ КҮМІСІ, ӘЛЕМНІҢ АЛТЫНЫ — ОҚПУ-да!

23 Желтоқсан 2025, 12:30
ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

19 Желтоқсан 2025, 12:33
ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

ЕЛ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

15 Желтоқсан 2025, 17:29
ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ВЕНГРИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ ДАВИД ЛОРАНТ ДЕНЕШТІ ҚАБЫЛДАДЫ

9 Желтоқсан 2025, 16:25
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

8 Желтоқсан 2025, 17:32
«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ

8 Желтоқсан 2025, 11:42
Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

Болашақ түлектерге мамандық таңдау үшін кәсіптік бағдар беруге арналған “Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің жүрегі” атты ашық есік күні

8 Желтоқсан 2025, 10:35
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА

5 Желтоқсан 2025, 14:50
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ КУРСЫН АЯҚТАДЫ

3 Желтоқсан 2025, 10:53
ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРМЕН ДИАЛОГ ФОРМАТЫНДА АШЫҚ ПІКІР АЛМАСТЫ

2 Желтоқсан 2025, 11:14