ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қанат Қадырбековпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы басқару мәдениеті, академиялық адалдық, мемлекеттік қызметтің әдеп нормалары, сондай-ақ университет пен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
— Бүгінде мемлекеттік қызметте білімді де білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдардағы заңнамалық өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, оны жақсы көрсеткішпен (GPA 3,33-тен жоғары) бітірген жас түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады, — деген Қанат Керімханұлы басқа да тиімді тетіктерді алға тартты. Мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары мен олардың білім беру ұйымдарындағы маңызы туралы пікір білдірді.
Әлібек Нұрбайұлы университеттің даму бағыттары мен алдағы жоспарларына тоқталып, ашықтық пен әділдік қағидаттарының маңыздылығын атап өтті. Кездесу екіжақты әріптестікті нығайтуға бағытталған мазмұнды әңгімеге ұласты.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!