Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!
Сіздерді айтулы мереке – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ғылым – тек білім мен ізденістің ғана емес, табандылық пен төзімнің, терең парасат пен шығармашылықтың тоғысқан даңғыл жолы. Бүгінде университетіміздің ғылыми-академиялық кеңістігінде еңбек етіп жүрген нәзік жандылар күрделі зерттеулер жүргізіп, инновациялық жобаларды жүзеге асырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп, отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сіздердің ұтқыр ойларыңыз, батыл шешімдеріңіз, табиғи сезімталдық пен биік зияткерлік әлеуеттеріңіз ғылыми ізденістерде табысқа жетудің жарқын үлгісін көрсетуде. Әрқайсыңыздың жетістіктеріңіз – университетіміздің мерейі, ел ғылымының абыройы. Біз сіздермен мақтанамыз!
Осы мерекелі күні өздеріңізге тың серпін, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге сәттілік тілеймін. Әлемдік деңгейдегі жаңалықтарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс серік болсын.
Ғылым жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз өскелең ұрпаққа, әсіресе студент қыздарымызға жарқын үлгі болып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін.
Ізгі ниетпен,
Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев
Осыған ұқсас
Хабарлама. 09.06.2026
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 22.05.2026
«ЗАҢ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ