SYRACUSE UNIVERSITY ӨКІЛІ ОЛЬГА ОГАНЕСЯНМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Сиракьюс университетінің (Сиракьюз қ,
Нью-Йорк штаты, АҚШ) Академиялық бағдарламалар жөніндегі директордың
орынбасары, EAP/ESP курстарын басқарушы Оганесян Ольга және Түркістан облысының
Білім басқармасы басшысы міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновпен ресми кездесу
өтті.
Кездесуге университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек
Нұртаев, Басқарма мүшелері, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері
қатысты. Жиында академиялық ынтымақтастықты
кеңейту, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған ықтимал
модельдер, сондай-ақ оқытушы-профессорлар құрамының, докторанттар мен
магистранттардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты
талқыланды.
Syracuse University — АҚШ ұлттық университеттер рейтингісі бойынша 436
жоғары оқу орнының ішінде 75 орында. Ол ұлттық деңгейде мойындалған әрі халықаралық мүмкіндіктерге ие
университет, сондай-ақ, ғылыми зерттеулер мен инновацияларға салынған
инвестицияларымен, кәсіби білім беру бағдарламаларымен кеңінен танымал. Бұл
туралы университет өкілі Оганесян Ольга мәлімдеп, жан-жақты сұрақтарды қамтыған
таныстырылымды назарға ұсынды.
Кездесуде EAP/ESP курстары аясында академиялық және кәсіби ағылшын тілін меңгеру арқылы біліктілікті арттыру мүмкіндіктері қарастырылып, халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізу жолдары талданды. Қос тарап өзара ынтымақтастық келісім құжатына қол қойды. Аталған сапар университеттер арасындағы өзара тиімді келісімдерді қалыптастыруға және институционалдық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды тәжірибелік қадам болмақ.


Осыған ұқсас
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
Зейнеткерлер «Күміс» университетінде білім алуда
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
«ҚАЗАҚСТАН» МӘЖІЛІС ЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ
ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ