ДӘСТҮРЛІ “ДЕНСАУЛЫҚ” СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасы басталды. Сайыстың мақсаты ұжым арасындағы байланысты нығайту мен «спорт — денсаулық кепілі» екенін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналды.
Жарыс шымылдығын университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы
Әлібек Нұртаев құттықтау сөзбен ашты.
— Университет қабырғасында басталған
спартакиаданың ашылу салтанатымен баршаңызды құттықтаймын! «Тәні саудың жаны
сау» демекші, бүгінгі жарысқа қатысушылар жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймыз,
барлығыңызға сәттілік тілеймін. Елімізде жоғары білім саласын дамытуға көп
көңіл бөлінуде. Күні кеше Президет Қ.Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген
көлемді сұхбатында да салаға қатысты ауқымды мәселелер қозғалды. Алдағы уақытта
жоғары оқу арасындағы спорт додаларында өздеріңізді намысты қолдан бермейді деп
сенеміз. Көк туымыз биіктен желбірей берсін! — деді Әлібек Нұрбайұлы.
Спорттық жарысқа қатысушылар баскетбол, волейбол, футбол, шахмат бойынша
сынға түседі. Сондай-ақ, арқан тартыс, үстел
теннисінің де мықтылары анықталмақ. Жеңімпаздарға жүлде қоры да қомақты,
қаржылай сыйлықпен марапатталады деп күтілуде. Жыл сайын өтетін дәстүрлі
қызықты сайысты «Тұран» спорт клубы мен Денешынықтыру және спорт факультетінің
тиісті кафедралары ұйымдастырды.




Осыған ұқсас
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?
Зейнеткерлер «Күміс» университетінде білім алуда
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
«ҚАЗАҚСТАН» МӘЖІЛІС ЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ
ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ