ОҚУШЫ ҒАЛЫМДАР ОЙЛАНТТЫ
№93 мектептің 3 сынып оқушысы Бекқұл Айбол қазір өсімдіктер әлемін зерттеп, олардың сабағы арқылы транспрация жасауға талпынып жүр. Екі өсімдіктің сабағының бірін қараңғы жерде, екіншісін «фольга» қағазында бақылап, күнделік жүргізеді. Оқушы ізденісіндегі зерттеу жұмысы бүгін Zhanibekov University-де «Білім мен ғылымның интеграциясы» атты семинарда көпшілікке таныстырылды.
Бұдан бөлек семинарда қала оқушыларының құс фабрикасындағы биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу, орбиталық қалалардағы ғарышқа қону , тағы басқа қызықты әрі қоғамдық маңызы бар ғылыми жобалары назарға ұсынылды. Білім беру мекемелерінің ғылыми ізденісімен университеттің Басқарма мүшесі, Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Ержан Керімбеков танысып, сәттілік тіледі.
Семинарда мектеп мұғалімдерінің қатысуымен физика пәнінің қазақ әдебиеті, музыка пәнімен байланысына арналған қызықты баяндамалар тыңдалды. Мазмұнды шараны ұйымдастырушы физика-математика факультетінің деканы Альмира Ибашова модератор болды.
Осыған ұқсас
ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
КҮЛЕ БІЛУ — ӨНЕР!
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «GRAND PRIX» ЖҮЛДЕСІН АЛДЫ
“DEMEU JOBASY” УНИВЕРСИТЕТКЕ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!
«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ