ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жасанды интеллект – білім беру саласының жаңа мүмкіндіктерін айқындайтын маңызды технология. Осы бағытта жоғары оқу орындарында білім беру, ғылыми-зерттеу және басқару үдерістеріне заманауи ЖИ құралдарын тиімді енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы комитет жүзеге асыруда.
Осыған орай, бүгін университетте Bilim Upskill жобасының AI-методологы Әбділкәрім Әбділрахманұлы профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арнайы әзірленген ChatGPT Edu платформасының мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар аталған платформаның тегін нұсқадан негізгі айырмашылықтарын білді. Сонымен қатар жасанды интеллектіні тиімді қолданудың практикалық жолдарын көрді.
ЖИ құралдары тек уақыт үнемдейтін технология емес, оқытушының кәсіби мүмкіндігін кеңейтетін, шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін арттыратын заманауи көмекші құрал. Ал, педагогтің цифрлық құзыреттілігі – сапалы білім беруге ұмтылыс. Осы ретте ОҚПУ білім беру үдерісіне озық технологияларды енгізу, педагогтер мен білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту және жасанды интеллектіні жауапты әрі тиімді қолдану бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.

Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!