«BACK TO STUDY: SAFE & READY» COMMUNITY EVENT ӨТТІ
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жастардың жаңа оқу жылын қауіпсіз әрі жайлы бастауына бағытталған «Back to Study: Safe & Ready» community event өтті. Іс-шараны UNICEF Kazakhstan-ның Оңтүстік хабы ұйымдастырып, университет, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Шымкент қаласы Полиция департаменті серіктес болды. Кездесуге 130-ға жуық адам, оның ішінде 90 студент, UNICEF өкілдері мен волонтерлер қатысты.
Community event-тің ашылуында университет Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек сөз сөйлеп, UNICEF атынан Данара Саранoваның онлайн құттықтауы ұсынылды. Бағдарлама аясында психологиялық орталықтың басшысы Айтжанова Гүлнар «Буллинг және кибербуллинг: үнсіз қалма!» тақырыбында презентация жасап, оқу жылының басындағы стресс пен алаңдаушылықты басқару, жаңа ортаға бейімделу, эмоционалдық күйзелістің алдын алу және қиын жағдайда қолдау сұрау жолдары туралы практикалық кеңестер берді.
Кездесудің маңызды бөлігінің бірі – киберқауіпсіздік және цифрлық гигиена тақырыбына арналды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитандары Бахытжан Бекбаев пен Ердаулет Ералиев жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігі туралы ақпарат берді. Мамандар кибералаяқтық, фишинг, аккаунттарды бұзу, жалған аккаунттар, қауіпті сілтемелер, күмәнді кодтар мен жеке мәліметтерді бөгде адамдарға берудің салдары туралы айтып, киберқылмысқа тап болған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
Іс-шара соңында «Safe & Ready» ашық диалогы ұйымдастырылып, қатысушылар сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жасөспірімдер мен жастарға еркін пікір білдіруге мүмкіндік беру мақсатында анонимді сұрақтар да қабылданды. «Back to Study: Safe & Ready» іс-шарасы жастардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, психологиялық күйін қолдауға және цифрлық ортада саналы әрі жауапты әрекет етуіне бағытталған мазмұнды кездесу болды.



Осыған ұқсас
ОҚЫТУШЫЛАРҒА CHATGPT EDU МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ