«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Биыл 28 тамызда қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толады. Осы айтулы мерейтой аясында университетімізде «Мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің Торғай өңіріндегі қызметі» атты кездесу өтті.
Тағылымға толы кездесудің басты қонақтары Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының» директоры Терек Рауан Абдуллажанұлы, Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының» әдіскері Дүзбай Нұрым Маратұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек болды.
Жиын барысында Рауан Абдуллажанұлы Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының» халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өткені мен бүгінін жалғап отырған Өзбекәлі Жәнібековтің ең алғашқы ашқан мұражайы екенін және ол 1972 жылдың 4 ақпанында құрылғанын, мұражай халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 100 жыл толуына орай, 1973 жылдың 28 шілдесінде алғашқы көрермендерін қабылдағаны жөнінде сөз сөйледі. Сондай-ақ «Шертер» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің шет елдердегі концерттеріндегі афишалары және Өзбекәлі Жәнібековтің өз қолымен салған ұлттық киімдерінің эскиздері мұражайда сақтаулы екендігін атап өтті. Ал Дүзбай Нұрым Маратұлы елу үш жылдан астам халыққа қызмет етіп келе жатқан мұражай қорында 77 мыңнан астам жәдігер сақталғанын, соның ішінде 150-ден астам түрін Өзбекәлі Жәнібеков өзі жинап, мұражай қорына тапсырғаны жөнінде айтып, мұражайдағы көне жәдігерлермен таныстырды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Өзбекәлі Жәнібеков жайында қызықты оқиғаларымен бөлісіп, биік тұлғаның есімі ел есінде қалуы керек екенін айтты.
Білім ордамыздың өнерлі студенттері Өзбекәлі Жәнібековтің қолқа салуымен өмірге келген «Арқалықтың ақ таңы» әнін шырқады.
Кездесу соңында қонақтарға естелік сыйлық тарту етілді. Түркістан қаласындағы Әзірет сұлтан музей-қорығында қойылған Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің "Рух сардары" атты Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай әкелінген 95 жәдігер туралы түсірілген бейнебаянды тамашалады.

Осыған ұқсас
ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ