Zhanibekov university logo

Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде

2 Наурыз 2026, 10:53
Zhanibekov university

“Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде” тақырыбында өңіраралық форум аясында ұйымдастырылған екі кезеңнен тұратын AI Hackathon сайысына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Физика-Математика факультетінің 1503-13 тобынан:

  1. Абибулла Ерсұлтан

  2. Равшанбеков Асрор

  3. Турехан Абай

  4. Тұрсынбай Мерей

  5. Шералиева Гулмира

қатысты. Сайысқа әр өңірден жалпы 114 команда қатысып, топ жарған 25 команда екінші финалдық кезеңге өтті. Финалдық кезеңде “Janibekov university” командасы жүлделі 4 орын және 200мың теңге сыйақы ұтып алды. “Janibekov university” командасы Hackathon барысында инновациялық шешімдер ұсынып, қаржылық қауіпсіздік саласындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интелект құралдарын тиімді қолдану бағытында “Cyber Qalqan” жобасын қорғап, кәсіби құзыреттілік танытты.