Zhanibekov university logo

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы мерекелік шаралар цифрлы форматта жалғасын табуда. Бүгін оқу ордасында 18-наурыз Ұлттық киім күні өтіп, арнайы шара «Ұлттық киім — ұрпаққа мұра» деп аталды. «Шаңырақ» ғимаратының фойесіне ұлттық нақышта киінген оқытушы-профессорлар құрамы мен ұжым қызметкерлері, студенттер жиналып, көтеріңкі көңіл-күйде наурыз тілек айтты.

Ұлттық киім күнін тойлаушыларды университетіміздің биылғы оқу жылындағы жаңашыл жетістігі — G1 гуманоид роботы да құттықтады. Информатика кафедрасының оқытушылары Нұрислам Қуатбек пен Рахым Нұрдостың басқаруындағы ақылды құрылғы жасанды интеллекті үйренуге қолайлы платформа болып табылады.

Университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, оқу орнының ұлттық киімдерді насихаттаудағы маңызы мен үлесіне тоқталды.

— Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар онкүндік аясында жалғасын табуда. Бұл шаралар арнайы жоспар бойынша жүзеге асып келеді. Жалпы, университет ұлттық киімді насихаттауды, оны үнемі киіп жүру бастамасын әр жұма күні қазақы нақышта киініп келу үрдісімен қолдайды. Ал, университет жанынан ашылған «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының директоры, дизайнер үйірмесінің жетекшісі Марат Ерімбетов «Ақбаян» сән театры арқылы ұлттық киім үлгілерін үлкен сахналардан паш етіп, жастарға үйретуде, — деді. Көпшілікті атаулы мерекемен Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Парманов та құттықтай келді.

Іс-шарада көрермен назарына Халықаралық дәрежедегі дизайнер, Евразия дизайнерлер одағының мүшесі, РФ Мәскеу қаласында өткен Этно-эрато сән байқауының «Алтын қайшы» иегері, «Жібек жолы айшықтары» байқауының 4 дүркін бас жүлде иегері, «Алтын оймақ» бас жүлде иегері, Түркістан облысы дизайнерлер байқауының «Алтын қайшы» иегері Марат Ерімбетовтің «Сұлу сылқым», «Қылықты бикеш», «Ұлы дала айшықтары» коллекциясын «Ақбаян» сән театрының сұлу қыздары назарға ұсынды. «Қылықты бикеш» коллекциясына кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының студенттері Мерей Медеубек, Нұрай Көмекбай бірлескен автор болып табылса, ғылыми жетекшісі — Жәмила Ерназарова.

Осыған ұқсас

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ

13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ

AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ

11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!

ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!

6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

6 Наурыз 2026, 12:49