Zhanibekov university logo

ҒҰМЫРЫН БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН АРДАҚТЫ ҰСТАЗ

10 Сәуір 2026, 12:21
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Инфологиялық өмір мектебі: орта және жоғары білім технологиясын жетілдіру» атты «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ардақты ұстаз Алданазар Әмірбекұлының 75 жылдық мерейтойына арналды.

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Альмира Ибашова модераторлық тізгінді қолына алып, жиынның мазмұнды өтуіне негіз болды. Мерейтой иесінің өмір жолы мен еңбек жолына арналған қысқаша бейнеролик назарға ұсынылып, п.ғ.к, профессор Серік Дайырбеков баяндама оқыды. Кездесу барысында инфологиялық білім беру ұғымы талқыланып, цифрлық мәдениет пен ақпараттық сауаттылықтың маңызы айтылды. Жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі сараланып, заманауи оқыту технологияларын жетілдіру жолдары ұсынылды.

 

Оқытушы-профессор құрамы мен ғалымдар, студенттер, магистранттар, IT мамандар және білім беру ұйымдарының өкілдері пікір алмасып, талқылау нәтижесінде маңызды тұжырымдар жасалды. Инфологиялық өмір мектебі – саналы ойлайтын, цифрлық ортада еркін әрекет ететін және жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастырудың тиімді жолы екені дәйектелді.