“DEMEU JOBASY” УНИВЕРСИТЕТКЕ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
*Кәсіби бағдар
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «DEMEU KAZAKHSTAN» қоғамдық қорына тиісті “Demeu jobasy” экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарына бағытталған кәсіби бағдар беру сапары аясында профориентациялық бағытта өтті.
«DEMEU KAZAKHSTAN» қоғамдық қоры — жастардың білім алуына, кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған әлеуметтік бастамаларды қолдайтын қор. Қордың басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, сондай-ақ дарынды және ынталы оқушылардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік жасау. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру шеңберінде 10-11 сынып оқушыларына ҰБТ-ға тегін дайындық ұйымдастырылып,олардың кәсіби бағдарын айқындау және жоғары оқу орындарымен танысу мүмкіндігі беріледі. Шараның мақсаты — болашақ түлектердің мамандық таңдауына көмектесу және еліміздің жоғары білім жүйесіне деген қызығушылығын арттыру.
Кәсіби бағдар барысында оқушылар университеттің үйірме жұмысына қызығушылық танытты. Әсіресе, болашақ түлектерге медиаорталық фотографы, «Фотоөнер» үйірмесінің жетекшісі Береке Сейітжаппардың шығармашылық кеңістігі мен жұмысы, фотоөнер сабағы ұнады. Экскурсия барысында оқушылар университеттің құрылымымен,оқу бағыттарымен,қабылдау шарттарымен және студенттік өмірімен де танысып, оқуға түсу үшін Жәнібеков университетін таңдауға ниет білдірді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!