ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Мұра» ХШО «Дефиле» үйірмесі мен «Бейнелеу өнері» үйірмесі Түркістан қаласында өткен «Наурыз-Думан» фестиваліне қатысып, екі бірдей Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Үйірме жетекшілері Мейірбек Сыдықов пен Ақмарал Шынәсіл фестивальге сән және дизайн, бейнелеу өнері бағытында қатысты. Студенттер Нұрғиса Өміртай, Айару Амангелді, Самал Өскенбек, Әлима Көлбаева ұсынған «Түркістан сақшылары» және «Бақыт ұясы» туындылары қазылар алқасы мен көрермен тарапынан жоғары бағаланды. «Өнер иелері алдағы уақытта Орта Азия елдерінде өтетін фестивальдарға шақыртылуда» дейді «Мұра» ХШО жетекшісі Марат Ерімбетов.
Бүгін жеңімпаздарды университет Басқарма төрағасы-ректор м.а. Әлібек Нұртаев қабылдап, бұл жетістік университет мақтанышы ғана емес, ұлттық өнер мұрасын сақтау мен насихаттауға қосқан үлес екенін атап өтті. Оқу орын басшысы студенттердің өнері мен ғылыми ізденісіне қашан да қолдау білдіретінін жеткізді. Айта кетелік, «Мұра» ХШО студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылған. Оған тек өнерлі жастар ғана емес, барлық факультет студенттері қатысып, түрлі бағытта өнер үйрене алады.

Осыған ұқсас
Хабарландыру 15.09.2026
МЕРИТОКРАТИЯ: БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС ӨТТІ
АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫМЕН БІРЛЕСКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«ОТБАСЫ ҚҰРУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ – COURSERA ЖОБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҚАТАРЫНДА!
«КИБЕРМӘДЕНИЕТ АЙЫ» АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРА ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕРЛЕРДІ ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ҮШІН СТУДЕНТТЕРДЕН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20 ЖАС ҒАЛЫМ РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ