«ОҢТҮСТІК ТАРИХЫНАН СЫР» АТТЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Ұлттық кітап күні мен Кітап оқу күнін қорытындылауға арналған «Оңтүстік тарихынан сыр» атты мазмұнды кездесу кеші өтті. Іс-шара университеттің Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасында ұйымдастырылып, оған белгілі жазушы, тарихшы, шежіреші, публицист, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдәкімұлы арнайы қонақ ретінде қатысты.
Кездесуді Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жүргізді. Жиынға Жаратылыстану факультеті, география кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысып, рухани мазмұны терең еркін сұхбат құрды. Шара барысында кітапхана басшысы Халида Шамбулова қатысушыларды ғылыми кітапханамен таныстырып, кейін Қайрат Сапарханұлы кездесудің маңызын атап өтті. Ал Момбек Әбдәкімұлы өз сөзінде қазақ тарихын зерттеу, шежіре жазу тәжірибесі және қаламгерлік жолы туралы ой бөлісті.
Кездесу барысында жазушы студенттермен еркін әңгіме құрып, Шымкент қаласының тарихы, атауының шығу тегі, өңірдің тарихи ерекшеліктері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы, ұлттық құндылықтарды сақтау және тарихты танудың маңыздылығы жөнінде пікір білдірді. Іс-шара аясында жазушының еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын-жазушылар әдеби пікір алмасты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар шежіре жазудың қиындықтары, архив деректерімен жұмыс, болашақ шығармашылық жоспарлар және «Зобалаң» туындысының идеялық мазмұны төңірегінде өрбіді.
Кездесу соңында қонақ қорытынды сөз сөйлеп, жастарды ізденіске, кітап оқуға және туған ел тарихын терең тануға шақырды. Шара мазмұны жағынан тағылымды, тәрбиелік мәні жоғары рухани кеш болды.

Осыған ұқсас
Хабарлама. 09.06.2026
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ «ӘЛЕМ, АБАЙ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
«Өзбекәлі Жәнібеков — мәдениет майталманы» эссе байқауына қатысушылар марапатталды
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
«ӨМІРІ ӨНЕГЕ ҰСТАЗ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
«РӘМІЗДЕР РУХЫ, АТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ — МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 22.05.2026
«ЗАҢ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОРҒАНЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ