ӨҢІРЛІК ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да еліміздің түрлі өңірінен келген қонақтардың қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Атап айтқанда, Солтүстік өңірден, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген Еңбек мобильділігі орталықтарының қызметкерлері мен жұмыс берушілерден құралған 30-дан астам делегация білім алушылармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесу барысында әр өңір өздерінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін таныстырып, жастарға арналған нақты мүмкіндіктерін ұсынды.
Кездесу барысында студенттерге өңіраралық еңбек мобильділігі, қоныс аудару бағдарламалары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сұранысқа ие мамандықтар және жас мамандарға ұсынылатын қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қонақтар өз өңірлеріндегі еңбек нарығының ерекшеліктерімен таныстырып, нақты бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндіктерді ұсынды.
Шығыс Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Арайлым Есімбекова жастар үшін өңірлерге қоныс аударудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталды. Іс-шараның басты мақсаты – бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, сондай-ақ жастардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейту болды. Кездесу барысында студенттер көкейіндегі сұрақтарын қойып, кәсіби бағдар бойынша құнды кеңестер алды. Кездесу соңында Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ж. Жылбаев қорытынды сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта бірлескен шараларды жүзеге асыратынын жеткізді.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ