МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
Бүгін университетте білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шара – мектеп директорларының орынбасарлары мен мұғалімдерді марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шара университет пен мектептер арасындағы серіктестікті дамыту, педагогикалық практиканың сапасын арттыру және болашақ педагог кадрларды даярлау үдерісіндегі бірлескен еңбекті жоғары бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Марапаттауға 10 мектеп директорының орынбасары және 30-дан астам мұғалім ұсынылды.
Салтанатты жиында Басқарма төрағасы – ректор м.а. Әлібек Нұртаев сөз сөйлеп, университет пен мектептер арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңызын атап өтті. Ол педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы мектеп ұжымдарының белсенділігіне, студенттердің кәсіби дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталып, мұндай ынтымақтастықтың білім беру сапасын арттырудағы рөлін жоғары бағалады. Сондай-ақ алдағы уақытта да бірлескен жобаларды кеңейту, тәжірибе алмасу алаңдарын дамыту және болашақ педагогтарды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Іс-шара аясында университет пен мектептер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары, кафедра филиалдары арқылы жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар және болашақта іске асырылатын жобалар туралы да айтылды. Бұл әріптестік білім беру мен ғылым интеграциясын тереңдетуге және педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етуде. Сонымен қатар, университетімізде жүзеге асырылған бірқатар инновациялық жобалар да ерекше назарға алынды. Атап айтқанда, 4-курс білім алушыларының педагогикалық практикасы аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Болашақ педагог – 2026: Open Class Challenge» жобасы болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, ашық сабақтар арқылы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Ал «TALANT UPGRADE FEST – 2025» жобасы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталып, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және заманауи білім беру талаптарына бейімделуіне жағдай жасады. Шара соңында марапат иелеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.

Осыған ұқсас
ӨҢІРЛІК ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ: СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК
«ОҢТҮСТІК ТАРИХЫНАН СЫР» АТТЫ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ФИЛЬМДЕР ТАЛҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын қалыптастыру әдістемесі
РЫСДӘУЛЕТ — ЖІГІТ СҰЛТАНЫ, ДИАНА — ОҚПУ АРУЫ!
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
ЖАСТАРҒА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ҚАЙТА ДАЯРЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КЕЛГЕН ЧЕХИЯЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ