ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТКІЗІЛДІ
Университетте этнограф, мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай педагогикалық олимпиада ұйымдастырылды. Педагогика кафедрасы ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасуына жағдай жасау болды.
Іс-шараның салтанатты ашылуында Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол мұндай олимпиадалардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Олимпиадаға педагогикалық факультеттің 5 студенттік тобы қатысып, өз білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Білім бәйгесі», «Педагогикалық жағдаят», «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасы», «Шығармашылық шеберлік». Сонымен қатар, блиц-сұрақтар кезеңінде студенттер Ө.Жәнібеков мұрасы туралы білімдерін көрсете алды.
Олимпиаданың әділ өтуі үшін қазылар алқасының құрамына тәжірибелі мамандар шақырылды. Олардың қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессоры, п.ғ.к. К. Арымбаева, Орталық Азия инновациялық университетінің доценті, п.ғ.к. Ж. Мұнашева, сондай-ақ Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың білікті педагогтары – «Психология» кафедрасының меңгерушісі, доцент п.ғ.к. Л. Бөлетова және «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, доцент п.ғ.к. А. Нұрбекова болды. Жарыс нәтижесінде І орынды филология факультетінің студенттері иеленді.
Іс-шараның жабылу рәсімінде педагогикалық факультеттің деканы Гүлдариға Таутаева сөз сөйлеп, олимпиаданың жоғары деңгейде өткенін айтты және барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы марапаттарға ие болды. Аталған педагогикалық олимпиада студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына маңызды үлес қосты.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ