МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ
Бүгін университеттің коворкинг орталығында «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызын насихаттау, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және мемлекеттік нышандарға деген құрметті арттыру. “Дөңгелек үстелге” профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты. Іс-шараны Тәрбие және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жүргізді.
Іс-шара барысында баяндамашылар мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы, олардың тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы орны, ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи және рухани мәні жөнінде пікір алмасты. Пікірталас барысында жастар арасында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірліктің және егемендіктің басты белгілері екендігін атап өтіп, оларды құрметтеу әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы деген қорытындыға келді.


Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ