«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ БРИФИНГ ӨТТІ
Бүгін университет қабырғасында ЖОО қызметкерлері, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларын түсіндіруге бағытталған ақпараттық брифинг өтті.
Іс-шараның басты спикері «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қайсар Еркінбаев барысында қатысушыларға халықаралық деңгейде білім алу және тәжірибе шыңдаудың келесідей өзекті бағыттары бойынша ақпараттар берді.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
Бағдарламалардың негізгі ережелері мен іріктеуден өтудің басты кезеңдері;
Үміткерлерге қойылатын талаптар: Құжаттарды ресми тапсыру тәртібі мен үміткерлердің кәсіби біліктілігіне қойылатын шарттар;
Ғылыми бағыт: Отандық зерттеушілер мен ғалымдарға арналған жаңа мүмкіндіктер және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері.
Кездесудің қорытынды бөлімінде қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға спикер тарапынан нақты әрі толыққанды жауаптар берілді. Бұл жиын академиялық орта мен жас ғалымдардың кәсіби тұрғыда дамуына және халықаралық байланыстарды нығайтуды жаңа деңгейге көтереді


Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ