ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев белгілі қазақстандық ғалымдар – Әбдірахман Омбаев пен Қамардин Мақашевты қабылдады.
Кездесуде ғылым мен білімді ықпалдастыру, өңірдің табиғи-биологиялық ресурстарын зерттеу, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру және университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарын дамыту мәселелері сөз болды. Мал шаруашылығы саласы бойынша көрнекті зерттеуші және қоғам қайраткері Әбдірахман Омбаевтың университеттің жаратылыстану факультетінің ғылыми-білім беру әлеуетімен ұштастырудың маңызы зор. Кездесу барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, жергілікті биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану және сақтау бағыттарында пәнаралық жобалар әзірлеуге мүмкіндік бар.
Кездесуде жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді араласуына да басымдық берудің маңыздылығы атап өтілді. Осы мақсатта тәжірибелі ғалымдардың қатысуымен ғылыми семинарлар, шеберлік сабақтары, ғылыми тағылымдамалар мен экспедициялық зерттеулер ұйымдастыру, студенттердің дипломдық және магистрлік жұмыстарын нақты ғылыми жобалармен байланыстыру ұсынылды.
Жалпы, кездесудің негізгі өзегі — ғылыми әлеуеті жоғары ғалымдардың тәжірибесін жас зерттеушілерге жеткізу, университеттің жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға арналды. Ғылым мен білімді сабақтастыруға бағытталған мұндай бастамалар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың тек педагог кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны ғана емес, өңірлік ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі әлеуетін арттыруға жол ашады.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ