ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға Abertay University (Данди, Шотландия, Ұлыбритания) делегациясы келді. Делегацияны университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев қабылдап, кездесуге Басқарма мүшелері – проректорлар мен Интернационалдандыру департаментінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, әріптестіктің үш басым бағытын айқындады. Оның алғашқысы киберқауіпсіздік бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу болса, екіншісі РhD докторанттарын бірлесіп даярлау және ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру. Ал , үшінші мәселеде ұзақ мерзімді институционалдық әріптестікті дамыту талқыланды.
Тараптар алдағы жұмыстың нақты жоспарын әзірлеп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайындықты жалғастыруға келісті. Кездесудің мақсаты – қажетті келісу рәсімдерінен өтіп, 2027 жылғы 1 қыркүйектен бастап киберқауіпсіздік бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосуға жағдай жасау болды.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ