Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы Ж.Аймауытұлы атындағы көпсалалы колледжде талапкерлердің кәсіби жарамдылығын анықтауға бағытталған емтихандар өтті. Аталған бағытқа 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жалпы 90 грант бөлінген. Атап айтқанда: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 11-сынып негізінде – 50 грант, Көркем еңбек» мамандығына 9-сынып негізінде – 25 грант, «Музыкалық білім беру» мамандығына – 15 грант бөлінді.
Бүгінде аталған мамандықтарға талапкерлердің қызығушылығы жоғары. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 11-сынып негізінде – 103 талапкер, «Көркем еңбек» мамандығына – 28 талапкер, «Музыкалық білім беру» мамандығына – 19 талапкер құжаттарын конкурсқа тапсырды. Сонымен қатар ақылы негізде 9-сынып базасында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына 9 талапкер құжат өткізген.
Емтихан барысында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына түсушілермен кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша әңгімелесу, психометриялық тестілеу, педагогикалық жағдаяттарды шешу және арнайы емтихан ретінде эссе жазу жұмыстары жүргізілді. Ал «Көркем еңбек» және «Музыкалық білім беру» мамандықтарына талапкерлер шығармашылық емтихан тапсырып, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетті. Емтихандарды өткізу үшін арнайы комиссия және апелляциялық комиссия құрамы бекітілді. Шығармашылық емтихан тапсыру барысымен университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев танысып, талапкерлермен пікірлесіп, олардың өнерін тамашалады. Ректор талапкерлерге сәттілік тілеп, таңдаған мамандықтары бойынша білікті маман атануға тілектестігін білдірді.
Жас талапкерлер үшін бұл – өз білімін, қабілеті мен шығармашылық әлеуетін сынайтын маңызды кезең. Алдағы уақытта конкурс қорытындысы бойынша үздіктер мемлекеттік грант иегері атанып, педагогикалық бағытта білім алуға мүмкіндік алады.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ