ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде дене тәрбиесі мен спорт саласының қазіргі жай-күйі, білім беру мазмұнын жаңарту және цифрлы кезеңдегі дене тәрбиесі сабағын оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев қоғам қайраткерлері мен спорт саласының мамандарын қабылдап, саладағы түйткілдер мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты. Кездесуде цифрландыру үдерісінің білім беру саласына ғана емес, дене тәрбиесі мен спортқа да елеулі өзгерістер әкеліп отырғаны айтылды. Профессор, Қазақстанға белгілі спорт ғалымы, педагогика ғылымдарының докторы Бауыржан Досқараев спорт саласындағы кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне ерекше тоқталды.
— Өркениетті елдерде "спорттық құқық" деген ұғым қалыптасқан. Спортшының жоғары нәтижеге жетуі тек жаттықтырушының еңбегіне ғана байланысты емес. Оның жанында тамақтану жөніндегі маман, фитнес жаттықтырушысы, спорттық психолог, медицина және басқа да бағыттағы кәсіби мамандардан құралған команда жұмыс істейді. Бізге де осындай мамандарды даярлайтын уақыт жетті, – деді ғалым.
Оның айтуынша, елімізде дене шынықтыру саласы бойынша білім беру бағдарламалары жеткілікті болғанымен, қазақ тіліндегі сапалы оқу-әдістемелік оқулықтар мәселесі әлі де өзекті. Жиын барысында қоғам қайраткерлері Есберген Алауханов, Рахматжан Абдусаттаров және Алау Тәңірберген де өз ой-пікірлерін ортаға салып, өздерінің авторлық еңбектерін сыйға тартты.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ