ЖҰМЫС ТАЛАБЫ – АШЫҚТЫҚ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиев факультет декандарымен жұмыс кеңесін өткізіп, алдағы кезеңнің негізгі міндеттері мен жұмыс талаптарын айқындады. Кездесу барысында университет басшысы оқу орны қызметіндегі басты ұстанымдар ретінде ашықтықты, академиялық еркіндікті, заң мен тәртіп қағидаларын атап өтті.
– Жұмысымыздың басты ұстанымы – ашықтық, академиялық еркіндік, заң мен тәртіп. Студенттердің ұсыныс-пікірлері мен арыз-шағымдарын тікелей қабылдау мақсатында арнайы «ашық жәшік» орнатылады. Әрбір өтініш назарда болады, – деді Қайрат Рахымұлы. Сонымен қатар, ректор қаражатты тиімді пайдалану, студенттерге қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және қабылдау комиссиясының жұмысын одан әрі жетілдіру бағытында декандарға нақты тапсырмалар берді. Кеңес барысында факультет басшыларының ұсыныс-пікірлері де тыңдалды.
Өз кезегінде факультет декандары оқу корпустары мен аудиториялардың жай-күйіне қатысты мәселелерді көтеріп, оларды кезең-кезеңімен шешу қажеттігін айтты. Сондай-ақ студенттер асханасының жұмысын жақсарту, тағам сапасын арттыру және бағаны білім алушылардың әлеуметтік жағдайына сай қолжетімді деңгейде ұстау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында көтерілген барлық мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны айтылды. Айтылған мәселелер бойынша ректор кеңесшісі Мұқаш Ескендіровке жазбаша ұсыныстар негізінде жұмыс істеуді тапсырды.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ