ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Құрылтай сайлауы және қоғамдағы азаматтық белсенділік» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыру, саяси реформалардың мән-маңызын түсіндіру, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысу мәдениетін қалыптастыру және Құрылтай сайлауының ел дамуындағы маңызына қатысты пікір алмасу.
Жиынға университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, педагогтер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен белсенді азаматтар қатысты. Модератор Баршагүл Исабек қатысушыларға алғыс білдіре отырып, еліміздегі саяси жаңғыру үдерістеріне тоқталды. Сонымен қатар жаңа саяси жүйенің қалыптасуы, қоғамдық өзгерістер жағдайындағы азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің маңызы туралы ой қозғады.
Іс-шара барысында алғашқы сөз Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаеваға берілді. Гүлжан Дәулетбекова Құрылтайдағы тарихи-саяси маңызы туралы:
— Қазақ қоғамында құрылтайдың басты қызметі – елдік мәселелерді көпшіліктің талқысына салып, ортақ шешім қабылдау болды. Хан сайлау, соғыс жариялау немесе бітім жасау, сыртқы саясатты айқындау, елдің қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығына қатысты маңызды мәселелер дәл осындай халықтық кеңестерде қаралды. Соңғы шешімді хан қабылдағанымен, оған дейін билердің, сұлтандардың, ру ақсақалдарының пікірі тыңдалып, мәмілеге келу дәстүрі сақталды. Бұл – қазақ даласындағы кеңесу мәдениеті мен дала демократиясының айқын көрінісі, — дей келе нақты ғылыми фактілерді алға тартты.
Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Наталья Романова, М.Әуезов атындағы ОҚУ Тұлға дамыту орталығының басшысы, Шымкент қаласының Аналар кеңесінің мүшесі Гүлнар Жанысбекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бекайдар Тойлыбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор Сәрсенбек Тұртабаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, ОҚПУ профессоры Данабек Пошаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Алданазар Әмірбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесхан Сманов сөз сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салды.
Қатысушылар Құрылтай сайлауының ерекшеліктері мен маңызына, азаматтардың саяси сауаттылығын арттыру мәселесіне, жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуына және ел болашағына қатысты азаматтық жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, қоғамдағы түрлі көзқарастарды ашық талқылаудың, сындарлы диалог қалыптастырудың және азаматтардың ел тағдырына қатысты мәселелерге белсенді араласуының маңызы атап өтілді.
Осыған ұқсас
ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: БІЛІМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ
РЕКТОР ГРАНТЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!
ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНУЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті оқытушы-профессорлардың бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:
Корпоративтік хатшы қызметіне конкурс жариялаймыз!
Комплаенс офицеріне конкурс жариялаймыз!
ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Хабарландыру 17.08.2026
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ