МАҢҒЫСТАУДАҒЫ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТУДЕ
Бүгін университетімізге Жаңаөзен қаласынан келген алғашқы талапкерлердің бірі Нұртас Раушенов анасы Айсұлумен бірге «Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін даярлау» факультетіне оқуға құжаттарын тапсырды. Талапкерді факультет деканы Ахан Демеуов қарсы алып, білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы, спорттық инфрақұрылымы, оқу үдерісі, академиялық мүмкіндіктер мен студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бұл – жуырда Маңғыстау облысында өткен кәсіби бағдар беру жұмыстарының жемісі. Университет өкілдері өңір мектептерінде болып, бітіруші түлектермен, ата-аналармен және педагогтермен кездесулер өткізіп, университеттің білім беру мүмкіндіктері, мемлекеттік гранттар, жатақхана, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары және түлектерді жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берген болатын.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда оқу орнында Маңғыстау өңірінен келген 16 студент білім алуда. Олар білім және ғылым, шығармашылық, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, университетіміздің мақтанышына айналып келеді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға сапалы білім мен жан-жақты даму мүмкіндігін ұсынушы іргелі оқу орны. Мұнда әрбір талапкердің арманына қанат бітіп, білікті педагог, кәсіби маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ