Zhanibekov university logo

«АҚБАЯН» – АСТАНА ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ

9 Шілде 2026, 08:18
Медиа Орталық

 

🔹Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ «Ақбаян» сән театры Астана қаласында өткен «Туған күніңмен, Астана!» фестиваль-байқауына қатысып, олжалы оралды. Нақтырақ айтқанда, аталмыш сән театры ұжымы барлығы 25 шығармашылық ұжым қатысқан ауқымды шарада топ жарып, бас жүлдені иеленді!

🔹Сән театры көпшілік назарына университеттің «Мұра» ҰШО жетекшісі, халықаралық дәрежедегі дизайнер, ҚР және Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі, Шымкент қаласы Креативті индустрия ассоциациясының мүшесі Марат Ерімбетовтің «Астана — елімнің жүрегі» дизайнерлік топтамасын ұсынды.Нәтижесінде Марат Ерімбетовке жеке кубок пен алғыс хат, ал Өнер және білім факультетінің студенті Әлима Көлбаеваға, университет басшылығына алғыс хат табыс етілді.

🔹Айтулы жеңіспен оралған шығармашыл ұжымды бүгін Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндег і проректор Баршагүл Исабек қабылдап, құттықтады. — «Ақбаян» сән театрының Астана төрінде бас жүлдені иеленуі – университетіміз үшін үлкен мақтаныш. Ұлттық құндылықтарды заманауи сән өнерімен ұштастырып, шығармашылық ізденістің биік деңгейін көрсеткен жарқын жетістік. Осы жеңіске үлес қосқан барша шығармашылық ұжымға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, университетіміздің мерейін үстем ете беріңіздер!» – деді проректор.

🔹Айта кетейік, «Ақбаян» сән театры ұлттық мәдени мұраны дәріптеп, жас дизайнерлер мен талантты студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Астана төріндегі бұл айтулы жеңіс – университетіміздің өнерге деген құрметі мен шынайы қолдауының нәтижесі болып табылады.