ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ түлектері – 2026» атты оқу бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Университет аллеясында өткен мерекелік шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, құрметті қонақтар, ата-аналар мен магистратураны тәмамдаған түлектер қатысты.
Салтанатты жиынды университеттің Басқарма мүшесі – Академиялық істер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев ашып, бітіруші түлектерді құттықтап, олардың алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор, оқу орнымыздың 1995 жылғы үздік түлегі Баршагүл Исабек 89 жылдық тарихы бар білім ұясының мақтаныштары мен жетістіктеріне тоқталып, болашақ маман иелерінің өміріне даңғыл жол тіледі.
Биыл Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтын 290 магистрант сәтті аяқтап, «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін иеленді. Дипломдар білім беру бағдарламалары бойынша кезең-кезеңімен табысталып, түлектерге құрылымдық бөлім жетекшілері мен декандар, кафедра меңгерушілері де ізгі тілектерін жеткізді.Салтанатты кештің көркін Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ҚР «Ерен еңбегі» медалінің иегері Үрәлхан Сейілбекова мен ҚР «Ерен еңбегі» медалінің иегері Ерлан Жандарбайдың орындауындағы әндер, сондай-ақ опера әншісі Мұхаммедияр Ораздың музыкалық тартуы аша түсті.
Іс-шара барысында магистранттар атынан бітіруші түлектер ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Айта кетейік, 2026 жылы университет бойынша барлығы 2286 түлек диплом иеленсе, оның 155-і үздік дипломмен оқуын тәмамдады. Бұл – университетте білім сапасының жоғары деңгейде екенін және бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінің нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Салтанатты рәсім соңында түлектер естелік суретке түсіп, ұстаздарымен қоштасты. Диплом табыстау салтанаты 5 күнге дейін жалғаспақ.
Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
«КӘСІБИ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ДАМУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
ҰЙЫМДАР МЕН ҮЙІРМЕЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
МАЛАЙЗИЯНЫҢ САБАХ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
«ҰСТАЗ – ӨМІРДІҢ ШАМШЫРАҒЫ»: ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
ЖАҢА ҒИМАРАТТА СТУДЕНТТЕР АСХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Университет ғалымы ICAAM 2026 халықаралық ғылыми конференциясында
ЕҢБЕК АДАМДАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ
ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ САБАҚ БАСТАЛДЫ