СТУДЕНТТЕРГЕ «АБАЙ ФЕНОМЕНІ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Университетте «Ой қозғау орталығы» аясындағы мазмұнды кездесулер легі студенттермен жалғасты. Бұл жолғы басқосу жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, ұлттық танымын тереңдетуге және Абай мұрасы арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге арналды. Студенттерге арналған кездесудің негізгі тақырыбы – «Абай феномені, «Толық адам» ілімі және әділетті қоғам құру қағидаттары». Танымдық дәріске университет Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев пен техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Әйменов қатысты.
Дәріс барысында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы, философиялық көзқарастары мен адамзаттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны кеңінен сөз болды. Әсіресе Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы негізінде білімді, саналы, еңбекқор, әділетті әрі жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру мәселесіне назар аударылды.Абай мұрасын заманауи көзқараспен зерделеу мәселелері де қамтылып, академик «Абайға оралу — моральға оралу» екендігін жастарға ұғындырды. Студенттер ұлы ойшылдың өсиеттерін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, рухани даму мен қоғам алдындағы жауапкершілік жөнінде ой түйді.
«Ой қозғау орталығы» аясында ұйымдастырылған бұл дәріс студенттердің интеллектуалдық және рухани дамуына бағытталды. Өйткені Абай мұрасы – өткеннің өнегесі ғана емес, бүгінгі ұрпақтың өмірлік ұстанымын айқындайтын, болашаққа бағдар беретін рухани құндылық. Басты мұрат – Абай айтқан «Толық адам» идеясын жастардың санасына сіңіру арқылы білімді, парасатты, әділетті қоғам қалыптастыруға үлес қосатын жаңа заман тұлғасын тәрбиелеу.

Осыған ұқсас
«ОЙ ҚОЗҒАУ ОРТАЛЫҒЫ»: УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҰЛТ ЖАНАШЫРЫ – ҰРПАҚ ЖАДЫНДА
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ