Zhanibekov university logo

ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

27 Қараша 2026, 15:10
Медиа Орталық

Жәнібеков университетінің Басқарма мүшелері мен құрылымдық бөлімше басшыларына арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Жиынды жоғары оқу орнының комплаенс-офицері Қуанышбек Джумакулов жүргізді.

Кездесу барысында спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар университет қызметкерлеріне қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, қатысушылар мүдделер қақтығысының мәні, түрлері және оны реттеу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат алды.

«Қоғамда заң мен тәртіп қағидаттары күшейген тұста, университет қызметкерлерінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілігі артуға тиіс», — деп атап өтті Қуанышбек Төребекұлы.