ЕРЕКШЕ ЖАННЫҢ ЕРЕКШЕ ӘЛЕМІ
Тарих және педагогика факультетінің арнайы педагогика кафедрасында оқитын студенттердің қолдан жасаған инклюзивті білім беру бағытындағы шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге университет Басқарма төрағасы – ректор Қайрат Балабиев те қатысты, білім алушылардың еңбек әрекетіне ризашылығын білдіріп, болашақ мамандарға табыс тіледі.
Көрменің мақсаты — студенттердің инклюзивті білім беру саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескеретін қолжетімді, қызықты әрі тиімді оқу құралдарымен таныстыру.
Көрмені бірнеше бағыттарға бөлуге болады. Оның ішінде сенсорлық дамыту құралдары, тактильді кітаптар мен көрнекіліктер, логопедиялық ойындар мен жаттығулар, ұсақ моториканы дамытуға арналған бұйымдар және дидактикалық ойындар. Көрмеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған шығармашылық жұмыстар көзге түсті.
Инклюзивті білім беру — әр баланың ерекшелігін құрметтеу, оның қабілетін ашуға мүмкіндік беру және барлығына тең жағдай жасау.
Болашақ педагогтардың басты ұстанымы — ерекшелікті шектеу емес, мүмкіндікті көру. Көрме ұйымдастырушыларының басты ұраны — көрмені әрбір жанның әлемі ерекше екенін сезіндіретін шабыт алаңына айналдыру.

Осыған ұқсас
ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
ӘДЕП ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ
ЖАЙДАРМАН – ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ САХНАСЫ
ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА PHD ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ SCOPUS БАЗАСЫНДА 100-ІНШІ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ МЕЖЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ!
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖАҢА ЖЕТІСТІК!