ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Мектепте және ЖОО-да физика, математика және информатика пәндерін оқытудың проблемалары мен перспективалары» атты факультетаралық тұрақты ғылыми-әдістемелік семинардың кезекті мәжілісі өтті.
Семинар аясында «Математика» кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Сайрамұлы Иманбаевтың «Параболалық типтегі теңдеу үшін уақыттан тәуелді туынды бойынша бастапқы-шеттік есептен шығатын Штурм-Лиувилл операторының спектралдық есебін зерттеудің конструкциясы және үйрете отырып баяндау әдістері» тақырыбында ғылыми баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар ғалымның «Күшейтілмеген регулярлы спектралдық есептер: шеттік шарттардың кластарын сипаттау және түбірлік векторлардың базистік қасиеттерінің орнықтылығы» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге университет Басқарма төрағасы-Ректор Қайрат Балабиев қатысты. Қайрат Рахымұлы «болашақ педагогтар талантты математик-ғалымдардаң дәріс алса, мұның өзі болашақ ұрпақтарға қосқан зор инвестиция» - деді.
Семинардың негізгі мақсаты – математика саласындағы ғылыми зерттеулерді таныстыру, пәндерді оқытудың әдістемелік мәселелерін қарастыру және ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасу. Семинар жетекшісі – математик - ғалым Роза Кадирбаева.
Аталған ғылыми-әдістемелік семинар ғылыми зерттеулер мен білім беру үдерісінің сабақтастығын нығайтуға, академиялық тәжірибе алмасуға және математикалық ғылымның дамуына ықпал етуге бағытталған.

Осыған ұқсас
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
ЕРЕКШЕ ЖАННЫҢ ЕРЕКШЕ ӘЛЕМІ
ӘДЕП ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ
ЖАЙДАРМАН – ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ САХНАСЫ
ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА PHD ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ SCOPUS БАЗАСЫНДА 100-ІНШІ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ МЕЖЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ!
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖАҢА ЖЕТІСТІК!