ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аталмыш оқу орны Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.
Кездесуде төраға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдағы мәдени-гуманитарлық саланың және идеологияның жаңа бағдарын айқындауға қатысты оқытушылар пікірін тыңдады. Ізгі қоғам орнату үшін ұлттық тәрбиені жаһандық үрдіспен ұштастыра отырып жасаған таныстырылымды көріп, осы мақсатта дайындаған 7 міндеттемені талқылады.
Оразалы Сәбденұлы сондай-ақ, жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауға жазылғандардың бірі, кітапхана директорының орынбасары, ҚР кітапхана ісінің үздігі Роза Төкенова жастарды кітап оқуға баулу үшін университет маңайындағы техникалық бұйым сататын дүңгіршектерді кітап дүкеніне айналдыру туралы ұсынысын білдірді. Азаматтардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған Оразалы Сәбденұлы оны шешу үшін тиісті сала жетекшілеріне тапсырмалар берді және құзырлы орындармен бірлесіп шешетінін жеткізді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!