«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
Бүгін университетте «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтар арасында «Мөлдіреген жыр сезім» атты VII республикалық әдеби байқау өтуде. Байқау Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, «Парасат», «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Молдашұлы Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Шараның негізгі мақсаты – өмірге құштар, өлеңге ғашық ерекше жандардың шығармашылық қабілетін шыңдау, рухани әлеуетін арттыру және әдеби өнерге деген қызығушылығын қолдау.
Байқаудың салтанатты ашылуына Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы жауапты сала басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Салтанатты шарада университет Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде университет басшысы мұндай тағылымды шаралардың қоғамдағы инклюзивті мәдениетті қалыптастырудағы, ерекше жандардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдаудағы маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыға сәттілік тіледі.
Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен келген І топтағы көру қабілеті бұзылған 11 үміткер қатысуда. Қатысушылар ақын Жүрсін Ерманның шығармаларын мәнерлеп оқып, поэзия арқылы өздерінің жүрек сезімдері мен рухани әлемін жеткізуде. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатқа ие болады. «Мөлдіреген жыр сезім» – поэзияны ұлықтап қана қоймай, ерекше жандардың өнеріне құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған тағылымды мәдени-рухани шара.
Осыған ұқсас
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ
ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК!
КІТАПХАНА МЕН ТИПОГРАФИЯ ЖҰМЫСЫ НАЗАРДА
AI-Sana: студенттер ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН БАҒАЛАЙТЫН Mektep Pulse ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ
«SHE RUG 2026»: ДӘСТҮР МЕН КӘСІПТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҰСТАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЮНИСЕФ ӨКІЛДЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ