ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Басқарма төрағасы – Ректор Қайрат Балабиев Будапешт қаласындағы Корвинус университетінің (Corvinus University of Budapest) көшбасшылықты дамыту жөніндегі профессоры, «Жылдың үздік педагогі» атағының иегері Золтан Бузадиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи басқару тәжірибесі, көшбасшылық әлеуетті дамыту, басқарушылық құзыреттерді жетілдіру және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар университеттің басқару жүйесіне халықаралық тәжірибені енгізу, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру және білім беру саласындағы жаңа бастамаларды дамыту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Бұдан кейін Золтан Бузади «Capacity Building» бағдарламасы аясында көшбасшылық әлеуетті дамытуға және басқарушылық дағдыларды жетілдіруге арналған шеберлік сағатын өткізді. Ол Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде 33-тен астам зерттеу және консультациялық миссия жүргізген. Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары басшылығына, мемлекеттік холдингтерге, ұлттық компанияларға және дипломатиялық корпус өкілдеріне консультациялық қолдау көрсеткен. Сонымен қатар AlmaU, ҚБТУ, ЕҰУ, KIMEP және SDU University оқу орындарында шақырылған профессор ретінде дәріс оқып, PhD докторанттарына ғылыми жетекшілік жасаған.
Семинар барысында спикер көшбасшылықтың заманауи тұжырымдамалары, тиімді басқару, командалық жұмыс, шешім қабылдау және көшбасшылық қабілеттерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға кәсіби және жеке әлеуетті арттыруға, басқарушылық құзыреттерді жетілдіруге бағытталған Flow-Leadership және FLIGBY ресми бағдарламалары таныстырылды. Аталған бағдарламалар аясында көшбасшылық дағдыларды тәжірибе жүзінде дамыту, тұлғалық әлеуетті ашу және ұйым ішіндегі тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Шеберлік сағатына факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Қатысушылар көшбасшылық пен басқару саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!
«КӘСІБИ ОРТАДАҒЫ ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТТІ