ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ — ІІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» іс-шарасы өтті.
ҚР Әнұранымен ашылған салтанатты жиынды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашты. «Біз ең бақытты кезеңнің ұрпақтарымыз. Бүгін жүзеге асып жатқан барлық игі іс — Тәуелсіздіктің, тыныштықтың арқасында келген сый десек болады» деген Гүлжан Дәулетбекқызы жемісті еңбек еткен қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді марапаттады.
«Бұл той бұрынғыдан өзгерек» дегендей, мерекелік концерттік бағдарлама да көрерменге ерекше әсер сыйлады. Университеттің мәдениет бөлімі мен музыкалық білім кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шарада дәстүрлі әншілер шеруі, күй тартыс бодандықтан бұлқынған қазақтың ежелгі рухын сезіндіргендей. Ал, Сұлтан Маннатов, Абзал Әбілдабек, Айман Қарсыбаеваның орындауындағы тамаша туындылар «жүректен кіріп, бойды алған тәтті ән мен күй» болды.
Бүгінгі кештің деңгейінен «Шымкент-цирк» ұжымымен бірлескен шығармашылық әріптестіктің нәтижесі айқын көрініс тапты. Жамбыл Мейірбеков, Қайыржан Тұрсынов, Мұхаммедали Сұлтановтың «Шымкент-цирк» эстрадалық оркестрінің сүйемелдеуімен орындаған шығармалары көпшіліктің көңіл-күй ноталарын дөп басқандай. Өнерпаздарды ыстық ықыласқа бөлеген көрерменнің музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі Алена Досмағамбетова мен аға оқытушы Марина Лесоваға да айтар алғысы мол.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!