МҰЗДАҒЫ АЛАУ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында желтоқсаншылармен кездесу өтті. Тағылымды шараны тарих және педагогика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Азамат Әмірханов ұйымдастырды.
Кездесу қонақтары студенттерге тәуелсіздік алдындағы қазақ рухының бұлқынысы, тарихи оқиғаға айналған қанды көтеріліс туралы естеліктерден сыр шертті. Олар — Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағасы, ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледж қызметкері Гүлмира Оспанова, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Күлжархын Тұртбаева, «Абылай хан» атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Гүлсім Толықбек , әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алдаберген Мүсілім.
Іс-шараны университетіміздің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев ашты. Желтоқсан оқиғасы туралы арнайы дайындалған бейнебаян көрсетіліп, тәрбиелік мазмұндағы әсерлі баяндамалармен жалғасты. «Алаш аманаты» күйі орындалып, студенттер сұрақ қойып, батыр аға-апаларымен естелікке суретке түсті.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!