УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ЧЕХИЯЛЫҚ ҒАЛЫМ МАРТИН МУСАЛЕКТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева Чехиядан шақырылған ғалым Мартин Мусалекты қабылдады.
Мартин Мусалек академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында денешынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының білім алушыларына дәріс оқуда. Ол — Карлов университетінің (QS WUR (2025) 246) дене шынықтыру және спорт факультеті, әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD).
Қабылдауда Гүлжан Дәулетбекқызы денешынықтыру пәнін оқытудың ғылыми негіздерін бірлесіп зерттеу туралы ұсынысын білдірді. Жәнібеков университеті болашақ педагогтарды этнопедагогика негізінде оқытуға көңіл бөлетіндіктен, ұлттық спортты зерттеу және басқа да мәселелер жөнінде пікір алмасты.
700 жылдық тарихы бар көне Карлов университеті бүгінде денешынықтыру мен спорттың физиотерапия, медицина, психология, менеджмент сияқты сан саласын жіктеп оқытады. Қабылдауда қос университет арасында болашақта студенттер алмасып оқыту бойынша келісім жүргізуге ықылас білдірілді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!