ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Айнаш Құдышева Қытайдың Сиань қаласындағы «Орталық Азияда қытай тілін оқытудың жоғары сапалы дамуын талқылау» халықаралық семинарына қатысты. Семинар Сиань шетел тілдері университетінде өтті.
Аталған іс-шара қытай тілін оқытудағы негізгі мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау, сапалы білім беруді дамыту жолдарын айқындау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар қытай тілін оқытудың жаңа әдістемелері, Орталық Азия университеттері арасындағы серіктестік механизмдері және болашақтағы стратегиялар туралы пікір алмасты. Шараға Қытай Халық Республикасының білім беру саласындағы сарапшылар, Орталық Азия университеттерінің өкілдері мен халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысты.
Айнаш Амангелдіқызы семинарда «Implementing Chinese language in SKPU: challenges and expectations» тақырыбында баяндама жасап, Жәнібеков университетінің Қытайдың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын, қос дипломдық бағдарламалар, академиялық алмасудың және ғылыми зерттеулердің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Халықаралық семинар Орталық Азия мен Қытай арасындағы білім саласындағы байланыстың жаңа кезеңін айқындап, қытай тілін оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!