ОТЫРАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРЫН ОЙЛАНТЫП ҚАЙТТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің филология факультеті Түркістан облысы, Отырар ауданының мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Факультет деканы Ж. Масалиева бастаған құрамда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Д.Байғұтова, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі Ғ..Сманова, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Т.Омар болды. Сондай-ақ, аударма ісі және шетел тілі кафедрасының оқытушысы А.Мұсабекова, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Пулатова, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттері Д.Болысбек, С.Сәуірхан оқу орны туралы мектептің 11-сынып оқушыларына жан-жақты таныстыру жүргізді. Айта кетелік, белгілі жас айтыскерлер Даниал мен Сұлтанхан бүгінде Ректор гранты мүмкіндігімен оқу орнымыздың белсенді студенттері, Отырар ауданының жас таланттары.
Ал, музыкалық білім кафедрасының аға оқытушысы Ұ.А.Байбатырова өзінің шәкірттерімен Жамбыл атындағы мектеп-лицей, Көкмардан атындағы ЖББМ, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп гимназия, Темір атындағы ЖББМ, С.Әшіров атындағы ЖББМ, А.Дәрібаев атындағы ЖББМ, Т.Ибрагимов атындағы ЖББМ, Ә.Байтанаев атындағы шағын жинақты мектебі, Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаты, С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептерді аралады.
Оқушыларға университетіміз туралы бейнеролик көрсетілді. Білім беру бағдарламалары мен осы оқу орнын таңдаудағы маңыздылық жөнінде кеңестер берілді. Студенттерге арналған заманауи оқу ғимараттары мен жатақханалар жағдайы, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бару мүмкіндігі, кітапхананың жабдықталуы, студенттік үйірмелер, т.б. мүмкіндіктер туралы толыққанды ақпарат айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!