«EduCampShym» оқу лагеріне келушілер филология факультетімен танысты.
Алдағы оқу жылына Zhanibekov University-не 230 грант бөлініп отыр. Әлеуметтік жеңілдіктер мен қандастарға жасалатын қамқорлық, ректор гранты да талапкерлерге зор мүмкіндік. Бұл болашақта педагог болғысы келетін түлектерді қанаттандырады.
Шымкент қалалық білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылып жатқан «EduCampShym» оқу лагеріне келушілер бүгін университеттің филология факультетімен танысты. Кезекті таныстырылымды Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева алғысөзбен ашып берді. Студент Даниал Болысбек арнау айтып, оқу ордасының мақтаныштары мен жетістіктерін жырға қосты.
Факультеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының студенттері аталған мамандықтар туралы толыққанды мағлұмат берді. Оқушылар арасында ағылшын және түрік тілінде көңілді ойындар ойнатылды. Әдеби клуб мүшелерімен үш тілде дебат болды. Кәсіби бағытта ұйымдастырылған лагерьде оқушылар болашағын Zhanibekov University-мен байланыстырғылары келетінін айтты.
Осыған ұқсас
«МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР»: УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ: АЛИНА СОЛОВЬЕВАМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
ЗОЛТАН БУЗАДИ: КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗІ
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
ДАНА НҰРЖІГІТ: «СӨЗ ЖӘНЕ САНА» – ЖУРНАЛИСТИКА МЕН ҰСТАЗДЫҚ МИССИЯ
«МӨЛДІРЕГЕН ЖЫР СЕЗІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ PHD ДӘРЕЖЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ!